Қырғызстан Әзірбайжанның АҚЕМ төрағалығын 2028 жылға дейін ұзартуды қолдайды
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Әзірбайжанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі (АҚЕМ) төрағалығын 2028 жылға дейін ұзарту бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Report.az хабарлағандай, ол бұл туралы Бакуде өткен АҚЕМ-нің VII саммитінде айтты.