Нагоядағы V Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті
18 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Төрт жылда бір өтетін ойындарға 45 елден шамамен 4 000 спортшы қатысуда. Қазақстанды 12 спорт түрі бойынша 150 спортшы қорғайды. Рәсім Нагоядағы «Мидзухо» жеңіл атлетика стадионында өтті, қатысушы елдердің ұлттық құрамалары шеру жасады.