Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк инвестиция тарту мәселесін талқылады
Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк тобы экономикалық өсу перспективаларын, жеке инвестицияны тартуды және жаңа жұмыс орындарын құруды талқылады. Кездесу 16 қазанда Бангкокта өтті: Өзбекстанның премьер-министр орынбасары, экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті. Келіссөздер Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің жылдық отырыстары аясында жүргізілді.