Ресейдегі газ құбырындағы апат Өзбекстанға транзитке әсер етпеді
Ресейдің Пенза облысындағы магистральды газ құбырының үзілуі Ресейдің Қазақстанға газ жеткізуіне және оның Өзбекстанға транзитіне әсер етпеді. Бұл туралы ТАСС-қа Қазақстан Энергетика министрлігі мәлім етті. Ведомство мәліметінше, Қазақстанға газ жеткізу қалыпты режимде жалғасуда, ал Өзбекстан бағытындағы транзит жоспарланған көлемде жүзеге асырылуда. Министрлік «Газпром»нан жеткізу режимін өзгерту бойынша сұраныс түспегенін қосты.