Ауғанстандағы радикалдар Орталық Азияға туристер ретінде кіруге тырысады — Лавров
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ауғанстандағы радикалдардың осы елді Орталық Азия мен Ресейге қауіп төндіру үшін пайдаланғысы келетінін мәлімдеді. Ол ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан қауіпсіздігіне арналған конференциясында сөз сөйледі. Хабарды 24.kg жариялады.