ADB Әзірбайжанның темір жолы мен метросына 652 миллион доллардан астам несие бөлді
Азия даму банкі (ADB) Әзірбайжандағы темір жол және метро инфрақұрылымын жаңғыртуға 652 миллион доллардан астам несие бөлді. Жобалар AZCON Holding құрамындағы «Әзірбайжан темір жолдары» (ADY) және «Баку метрополитені» компанияларын қамтиды.