Қырғызстанда Ақ-Тала ауданында 68 отбасына баспана берген әлеуметтік қалашық ашылды
Қырғызстанның Нарын облысы Ақ-Тала ауданындағы Қайыңды-Бұлақ ауылында жаңа әлеуметтік қалашық салынып, 68 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Turmush басылымының тілшісі хабарлағандай, қалашық 1,5 гектар жер учаскесінде қайырымдылық қорларының бірінің қаржысы есебінен салынған. Оның құны 67 млн 338 мың сомды құрайды.