Иран мен Армения стратегиялық құжат дайындайды — Пезешкиан мәлімдеді
Иран мен Армения екіжақты стратегиялық құжат дайындауға және экономика мен транзит байланыстары саласында өңірлік ынтымақтастықты дамытуға келісті. Бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Арменияға сапарының нәтижелерін түсіндіру барысында мәлімдеді. Ақпаратты Pars Today жариялады.