Пашинян: Армения мен Әзербайжан өзара аумақ алмасуы керек
Премьер-министр Пашинян Алматы декларациясы негізінде шекараны делимитациялау және демаркациялау нәтижесінде Армения аумағы 29 743 км² болуы керек екенін айтты. Оның пікірінше, шекараның екі жағында да анклавтар мен эксклавтар қалмауы тиіс, ал ол үшін екі мемлекет «теңдей қатынаста аумақпен алмасуы» керек.