Стамбұлды қатты су тасқыны басты: екі адам қаза тапты
Сәрсенбі күні, 14 қазанда Стамбұлға жергілікті БАҚ деректері бойынша 1985 жылдан бері ең қатты жаңбырлардың бірі жауды. Еуропа бөлігіндегі Эюпсултанда 195,9 мм, Сарыерде 195,6 мм жауын-шашын тіркелді. Басқа аудандарда 35-тен 110 мм-ге дейін жауын-шашын болды.