Әлеуметтік көмек жаңа қағидалар бойынша көрсетіледі
Қазақстанда келесі жылдан бастап әлеуметтік көмекті беру тәсілін өзгерту жоспарланып отыр. Құрылтай депутаттары келесі үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда қабылдау барысында жаңа қағидаттарды талқылады. Мемлекеттік қолдау тек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетіледі. Үкімет мәлімдемесінше, бұл шешім жүздеген миллиард теңге қаражатты босатып, оны басқа басым міндеттерге бағыттауға мүмкіндік береді.