CASA-1000 елдері Бішкекте коммерциялық іске қосуға дайындықты талқылады
Бішкекте 2026 жылғы 7-9 қазан аралығында CASA-1000 жобасы бойынша бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Пакистан және Ауғанстан өкілдері, сондай-ақ жобаның халықаралық серіктестері қатысты. Бұл туралы Қырғызстанның «Ұлттық электр желісі» ЖАҚ (НЭСК) хабарлады. Қырғызстан өз аумағындағы құрылыс жұмыстарының аяқталғанын растады.