Өзбекстан табиғи газды терең өңдеуді кеңейтеді
Өзбекстан табиғи газды тек электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланудың орнына, жоғары қосылған құнды өнім алу мақсатында терең өңдеуді кеңейтуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев бұл туралы 16 қазанда отын-энергетика саласының инвесторларымен ашық диалогта мәлімдеді.