Зейнетақы активтерінің 30%-ға дейіні жеке басқарушыларға беру жоспарланып отыр
Қазақстанда отандық жеке компаниялар басқаратын зейнетақы активтерінің үлесін 2030 жылға қарай 20-30%-ға жеткізу жоспарланған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл Ұлттық банкпен бірлесіп әзірленген 2030 жылға дейінгі капитал нарығын дамыту бағдарламасының бір бағыты екенін хабарлады.