Екінші және үшінші АЭС-ті салу жоспарымыз бар — Шавкат Мирзиёев
Өзбекстанда үшінші атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев отын-энергетика саласының инвесторларымен ашық пікірталаста мәлімдеді. Ол жаңа серіктестермен бірге екінші АЭС салу бойынша инвесторлармен әңгімелесетінін айтты және уран өндірісінің артып жатқанын, саладағы тәжірибенің жиналғанын атап өтті.