Өзбекстан 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді 129 млрд кВт·сағаттан асырады
Шавкат Мирзиёев отын-энергетика саласындағы инвесторлармен ашық кездесу өткізуде, деп хабарлады президент баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы энергетиканы дамудың жүрегі деп атап, тұрақты энергиямен қамтамасыз ету кәсіпкерлердің инвестициясы мен халықтың болашаққа сенімі үшін маңызды екенін айтты.