Өзбекстанда көлік-логистикалық орталықтар 2040 жылға дейін салықтан босатылады
Өзбекстан президенті көлік-логистикалық жүйені дамыту бойынша қосымша шаралар туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Әділет министрлігі. Құжатта 2026–2030 жылдарға арналған негізгі нысаналы көрсеткіштер бекітілді. Атап айтқанда, көлік-логистикалық орталықтардың жылдық қуаты кемінде 40 млн тоннаға жеткізіледі, көлік және логистикалық қызметтердің экспорты 3,5 млрд долларға, ал республика аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалы 18,5 млн тоннаға жетеді.