Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматыға жұмыс сапары барысында азаматтық қорғау нысандарын аралап, сейсмологиялық мониторинг және халықты құлақтандыру жүйелерінің жұмысымен танысты. Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімдігінде сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оған қала әкімі Дархан Сатыбалды мен салалық министрліктер өкілдері қатысты.