Қазақстан Қырғызстан азаматтары үшін электрондық кіру рұқсатын енгізеді
Қазақстан Үкіметі шетелдіктердің елге кіру, болу және шығу ережелерін бекітті. Қаулыға сәйкес, Қазақстанмен визасыз режим бар мемлекеттердің азаматтары, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі Қырғызстанның азаматтары электрондық кіру рұқсатын алуы тиіс. Рұқсатты ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісе отырып, тегін береді.