Әлиев: Армения бітімді бұзды, соғыс әрекеттерін тоқтатуға дайынбыз
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев 2020 жылғы 19 қазанда Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігіне бейнесұхбат берді. Day.Az оны АЗЕРТАС-қа сілтеме жасап ұсынды. Тау Қарабағы туралы сұрақтарға жауап берген Әлиев, Армения Мәскеуде келісілген атысты тоқтату режимін қатты бұзғанын айтты. Оның сөзінше, Гәнжә қаласы түнде шабуылға ұшырап, тұрғын аудандарға соққы берілген, көптеген адам қаза тауып, жараланған.