Министр Байрақтар: Түркияны энергетика орталығына айналдырамыз
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрақтар Стамбулда өткен 19-шы Верона Еуразиялық экономикалық форумында сөйледі. Форумды Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (МЮСИАД) және Ибн Халдун университетінің қолдауымен ұйымдастырды. Байрақтар қазіргі заман тарихындағы энергетикалық қауіпсіздіктің ең ауыр кезеңдерінің бірімен беттесіп тұрғанын атап өтіп, энергетикалық қауіпсіздікті жеңіл қарауға болмайтынын айтты.