Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің 14 түріне өзгеріс енгізіледі
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Egemen Qazaqstan Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, жиында мемлекеттік әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жетуі және кәсіпорындардағы еңбек құқықтарының сақталуы үшін цифрлық шешімдер қаралды.