Қазақстан Президенті мен Катар Эмирі инвестициялық және энергетикалық жобаларды талқылады
Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (СВМДА) саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мемлекетінің Эмирі Шейх Тамим бин Хамад Әл Тани-мен кездесті. Қазинформ ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.