Роботтар, зауыттар және жасанды интеллект: Қазақстан NVIDIA-мен ірі ынтымақтастық бастайды
Қазақстан Physical AI бойынша әлемдік орталықтардың біріне айналуды көздейді. Бұл жасанды интеллекттің роботтарға, автономды көлікке және автоматтандырылған өндіріске нақты әлемде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағыты. NVIDIA негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуангтың Астанаға сапарында осы бағыт негізгі тақырып болды.