Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға дейін төмендетті. Egemen Qazaqstan хабарлауынша, шешімге жылдық инфляцияның баяулауы мен теңгенің нығаюы ықпал еткен. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 9,3%-ды құрады, ал инфляцияның төмендеу үрдісі қатарынан 12 ай бойы жалғасып келеді.