Египет қазақстандық туристер үшін кіруді жеңілдетеді
Египет Орталық Азия елдері үшін енгізілген қосымша виза талаптарын қазақстандық туристер үшін алып тастайды. Бұл туралы NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді Египетке ресми сапары аясында Египеттің Сыртқы істер министрі Бадр Абдельатимен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.