Өзбекстан Президенті БАӘ инвесторларын қабылдады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте отын-энергетика саласындағы инвесторлар кеңесінің алғашқы отырысы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші компанияларының басшыларын қабылдады. Кездесуге Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Джамиль Әл-Рамахи мен AMEA Power компаниясының төрағасы Хусейн Әл-Новайс қатысты.