Түркі мемлекеттерінің жастар саясатындағы жаңа қадам
Түркі мемлекеттер ұйымына (ТМҰ) мүше және бақылаушы елдердің жастар мен спорт мәселелері жөніндегі жауапты министрлерінің 10-жиналысы Қырғызстанның Бішкек қаласындағы «Ақ-Кеме» қонақ үйінде өтті. Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев төрағалық еткен шарада Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан делегациялары, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нури Гулиев қатысты.