2027 жылдан жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мерзімі өзгереді
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Төлем мерзімі адам үшін қанша ай бойы әлеуметтік аударым жасалғанына байланысты болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті өзгерістерді 2026 жылғы 9 қазандағы №398 бұйрықпен бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.