Бензин мен дизель отынына акциз үлесін 95 пайыздан 50 пайызға төмендету жоспарланды
Ұлттық экономика министрлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциз үлесін 95 пайыздан 50 пайызға дейін төмендету жоспарланып отырғанын хабарлады. Министрлік бұл жанармай бекеттеріндегі бағаның автоматты түрде арзандауын білдірмейтінін атап өтті.